Канзас штатында шаңды дауыл 50 көліктің соқтығысуына себеп болып, оқиға салдарынан 7 адам көз жұмды. Техаста жол апатынан 4 адам мерт болды. Оклахомада 150 орман өрті болып, тағы 4 адам өлді және 690 шаршы метр жер оқта оранды. Миссисипи штатында дауылдан 4 адам көз жұмса, тағы 3 адам Арканзаста құрбан болған, тағы 3 адам Алабамада мерт болды.
Билік өкілдері алда тағы күшті жел тұрып, торнадо болуы, найзағай ойнауы мүмкін екенін ескертті. Бес штатта 250-ден астам үй электр жарығынсыз қалды.
Бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланды. АҚШ президенті Дональд Трамп зардап шеккен аудандарға Ұлттық гварияны аттандырды.
Осыған дейін АҚШ-та торнадо мен дауыл салдарынан 15 адам қаза тапқаны туралы жаздық.