Көлігіне жанармай құю үшін келген оның иесі машина қорабынан өрмекшіні көргенде, қатты шошып кеткен.
Алайда өрмекшіні қағып тастаудың немесе басып өлтірудің орнына жүргізуші оны өртеп жіберген. Соның салдарынан жалын тілі көліктің алдыңғы бөлігінен жанармай құю шлангтарына өтіп, үлкен өртке ұласа жаздады.