АҚШ-та жас бұзақыларды ... Шекспирмен жазалайды

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - АҚШ-та кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды «жазалауға» арналған «Шекспир сотта» деп аталатын бағдарламаның жұмыс істеп келе жатқанына 10 жылдай уақыт болды. Төбелесу, спирттік ішімдік ішу, ұсақ-түйек ұрлық жасау,

біреудің меншігіне шамалы шығын келтіру сияқты кішігірім құқықбұзушылықтар үшін ұсталған жасөспірімдерді сот, бұл бағдарламаның аясында түрмеге немесе қоғамдық-пайдалы жұмысқа жібермей, ағылшын драматургы Уильям Шекспирдің туындыларын оқуға және оның танымал пьесаларын қоюға атсалысуға «жазалайды», деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Бағдарлама 1,5 айға есептелген. 17 жасқа дейінгі жас бұзақылар осы аралықта аптасына 4 рет Шекспирдің туындыларымен танысады, репетицияларға қатысады және пьесаларда ойнайды.