АҚШ-тағы қайғылы оқиға: белгісіз біреу сегіз адамды атып өлтірді
10:31, 11 Наурыз 2009
ВАШИНГТОН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Құрама Штаттарда қайғылы оқиға орын алды. Алабамада белгісіз біреу адамдарға оқ ашып, оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Келіп түскен ақпараттар бойынша, оқиға алдымен ?Самсон қаласында, кейін Женева қаласында болған. Женевадағы полиция өкілінің хабарлауынша, Самсонда 5 адам атып өлтірілген, олар трейлерде оққа ұшқан, тағы екі адам Женевада дүкенде атып өлтірілген. Қанішердің өзі де қаза болған, бірақ оны не полицияның атып өлтіргені немесе өзін-өзі атып өлтіргені әзірге белгісіз. Ресми мәліметтер бойынша, әлгі ер азамат май құю стансасында алдымен бір әйелді атып өлтірген, одан кейін үйге кіріп тағы бес адамды атқан. Одан кейін Женеваға бара жатқан жолда бір әйел мен баланы атып өлтірген. Федералдық тексеру бюросы да оқиға салдарынан 8 адамның қаза болғанын хабарлап отыр.