Қаскөйлер ғаламтор арқылы жалпы көлемі 1 миллион доллар болатын әскери жабдықты сатып жіберген. Сатып алушылар Ресей, ҚХР, Қазақстан, Украина, Литва, Молдавия, Малайзия, Румыния және Мексика елдерінен табылып отырған, деп жазды РИА Новости.
Айыптау қорытындысы бойынша, ұрланған және сатылған тауарлар қатарында мергендік нысаналар мен атыс қаруының бөлшектері, пулемет бөлшектері, гранатометтерге арналған құрылғылар, айқас шлемдері, микрофоны бар әскери құлаққаптар, оқ өтпейтін кеудеше мен медициналық құрал-жабдықтар болған.