Ақсу ферроқорытпа зауыты металлургтерінің идеясы инновациялардың республикалық конкурсында бірінші орын алды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Қазхром» ҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты өнертапқыштарының жаңашыылдық шешімі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ ұйымдастырған Ұлттық инновациялар конкурсы қорытындысымен үздік деп танылды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Конкурста жеңімпаз болған «Құю машинларындағы ойысты жоғарғы салқынату» жобасы кәсіпорында 2014 жылы ойдағыдай жүзеге асырылған болатын. Осы жаңашылдық ұсыныстан келтірілген экономикалық нақты тиімділіқ 20 млн. теңгені құрады. Оны жасаумен және енгізумен зауыттың бұрыны директоры Арман Есенжолов (қазір «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті), техникалық директоры Александр Суслов, еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық жетекші Алексей Горбунов, өндірістік-техникалық басқарма бастығы Александр Родыгин және №6 құю цехының учаске бастығы Қимрат Ықсанов айналысты.

«Біздің өнертапқыштық ұсынысымыз уату кезінде кондициялық ұсақтар пайда болуын төмендетуді көздейді, өйткені құймаларды күрт салқындатқанда миркожарылулар пайда болады, - деп түсіндірді Қ. Ықсанов. - Мұндай шешім металлургия өнеркәсібінде пайдаланылатын құю машиналарындағы шойын сауытқорамдарды пайдалану мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді».

Еңбек сіңірген марапатты және 2,5 млн. теңгенің сертификатын Астанада жаңашылдар тобының атынан Қимрат Ықсанов алды.