Ақсу ферроқорытпа зауытының күйік шалған екі жұмысшысы ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақсу қорытпа зауытында 19 маусым күні сағат 23.10-де №6 еріту цехының №62 пеші «В» фазасынан шихта материалдары сыртқа атқылады.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Соның салдарынан күйіп қалған  38 және 40 жастағы екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді.