деп хабарлады қала әкімдігі.
- Ақсулықтар өздерінің даңқы жерлестерін мәңгі есте сақтау үшін осындай игілікті іске мұрындық болды. Батырлар аллеясы қалалық саябақтағы Даңқ обелискісінің жанынан басталады, онда Ұлы Отан соғысында қаза болған қала мен оның ауылдық аймағы тұрғындарының есімдері тасқа қашап жазылған. Келесі жылы бұл жерде соғыстан оралып, зауыттар мен егін алқаптарында жанқиярлықпен еңбек еткен, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге белсене қатысқан еңбек өрендерін мәңгі есте қалдыру шаралары қолға алынады, - деп атап өтті Ақсу әкімі Оразгелді Қайыргелдиев.
Салтанатты шараға майдангерлер, қала жұртшылығы мен жастар қатысты.