Өз шығармашылықтарында балалар көбінесе табиғат тақырыбын бейнелеген. Олардың суреттері мен туындыларының кейіпкерлері көп жағдайда құстар мен аңдар, гүлдер мен ағаштар екен.
«Биылғы жылы байқау облыстық деңгейде өтіп отыр, - деп атап өтті Ақсу қаласының балалар өнер мектебінің ұстазы Жанна Ошмарина, - оған қатысы отырған балалардың саны екі есеге артты».
44 суретші шығармашалық байқаудың жеңімпаздары болды. Байқаудың арнайы жүлдесі - Ақсу қаласындағы өнер мектебінде оқудың бір жылдық ақысын үш жас қылқалам шебері иеленді.