Ақсу қаласының тұрғындары картоппен және көкөністермен қамтамасыз етілді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Ақсу қаласының ауылдық аймағының шаруашылықтары биылғы жылы 56 мың тонна картоп пен 7,7 мың тонна көкөніс жинады, деп хабарлайды ауылшаруашылығы бөлімі. «Екінші нанның» үлкен өнімдері «Тимур», «Сергей», «Смирнов» шаруа қожалықтарында өсірілді.

Вируссыз элиталық картоп тұқымдарын өсіруге мамандандырылған «Биосем» Агрофирмасында» құрғақтыққа қарамастан 5,3 мың тонна картоп, 140 мың тонна сәбіз бен қызылша жиналды. Өсірілген көкөністер қысқа қор болып сақталды - биылғы жылы агрофирмада сыйымдылығы мың тонна болатын тағы бір көкөніс қоймасы салынды.

Картоп және көкөніспен аксулықтар толықтай қамтамасыз етілді. Қалалық жәрмеңкелерге жергілікті шаруа қожалықтары картопты 40 теңгеден, ал көкөністерді килограмы үшін 30 теңгеден әкелуде.