Ақсу кентінде болған жерасты жарылысы бір адамның өмірін қиып кетті

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Кеше, қыркүйектің 22-сінде Степногор қаласы Ақсу кентінде болған жарылыс салдарынан бір жұмысшы қазаға ұшырады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Апат «Қазақалтын» акционерлік қоғамына қарасты «Рудник Ақсу» филиалының 39-шы шахтасында орын алған. Жарылыс кезінде тау жыныстары опырылып, бір жұмысшыны басып қалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.