Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, жол апаты 18 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 15:07-де болған.
Сол жерде үш адам қаза тауып, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген.
Бастапқы болжам бойынша, жүк көлігі мен пикап соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде.