Дерек көздің ақпараты бойынша, шетелдік азамат ауруханаға Маңғыстау облысы Қарақиян ауданының «Құрық» ауылындағы «Ерсай» ЖШС-інен тамыздың 20-сы күні жеткізілген.
«Ақтау қалалық инфекциялық ауруханасына «безгек» диагнозымен түскен 1971 жылы туған үнді азаматы Р.Тодатэ жеке ұсталып отыр. Онымен қарым-қатынаста болғандар тексерілді, басқа науқастар анықталған жоқ», - делінген министрліктің ақпаратында.