Халық қалаулысы А. есімді азаматты алдап, Ақтау қаласындағы аумағы 190 шаршы метр жер телімін бөлу туралы мәселесін оң шешу үшін оның 3,8 млн. теңгесін иеленіп алған.
«Аргенов К.У-ға қатысты ҚР ҚК 177-бабының 44-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ол екі айға тұтқынға алынды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр, тергеуге қатысты басқа деректер жария етілмейді»,- деп ақпараттандырды Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметкері Нұргүл Мұқатай.