«Осындай технология Қазақстанда алғаш рет және тек біздің емханамызда ғана ұсынылып отыр. Қазіргі кезде осындай қызметті көрсетуде монополист болып табыламыз. Комбайннан басқа, 500 мың доллар тұратын «Hitachi Airis Mate» магниттік-резонанстық томографы мен басқа жабдықтар сатып алынды. Осындай көлемді жаңарту тұрғындарға емдеу кезінде алдыңғы қатарлы технологияларды ұсыну үшін қажет», - деп атап өтті ««Ча-Кур» медициналық орталығы» ЖШС-нің бас дәрігері Мұзаффар Маштақов.
16:36, 16 Қаңтар 2013
Ақтау қаласындағы жекеменшік медициналық емхана бірегей технологияны ұсынатын Қазақстандағы тұңғыш мекеме атанды
АҚТАУ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтаудағы жекеменшік емхана, «Ча-Кур» медициналық орталығы Қазақстанда медицинадағы бірегей технологияның алғашқы иесі атанды. Орталық 50 млн. теңгеге 5D (4d-HD-LIVE) технологиясы бар ультрадыбыстық доплерлік Voluson E8 комбайнын сатып алды.