Бұған дейін өткен жылдың 4 қарашасында Ақтаудың халықаралық әуежайында «Әуежай-Ақтау» кеден қосынының, Контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері мен әуежай қауіпсіздігінің қызметі «Ыстамбұл-Ақтау» жолаушылар рейсін кедендік бақылаудан өткізу кезінде CIP зонада Ш. есімді азаматшадан кедендік бақылаудан жасырған жалпы салмағы 20,9 келіні құрайтын 2916 зергерлік бұйым табылды. Заттардың кедендік құны 39 млн. теңгені құрады.
Азаматшаның әрекеттері ҚР ҚК-нің 209 бабы 2 бөлімі, «г» тармақшасында көрсетілген қылмыстармен сәйкес келеді. Бұл бапқа сәйкес, зергерлік бұйымдардың контрабандасына күдікті азаматша мүлкінің тәркіленуімен 5 жылға сотталуы мүмкін.