- Қазіргі уақытта осы тергеу амалдары жалғасып жатыр. Үш айдан кейін алғашқы алдын ала қорытындыны толық көлемде тиісті комиссия таныстырды. Атап айтқанда, қазір егжей-тегжейлі тәртіпте тексерулер тереңірек жүріп жатыр. Бұл тұрғыда айтарлықтай күрделі сараптамалар ескерілген, - деді М. Қалиақпаров тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның сөзіне қарағанда, бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, толық есеп БАҚ-қа жарияланады.
- Әзірге, оның қашан шығатынын айта алмаймыз... Бірақ, жыл соңына қарай тиісті мәліметті жолдаймыз, - деді вице-министр.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. https://kaz.inform.kz/news/aktauda-ushak-kuladi-a3b704/
Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.
Бұған дейін ұшақ апатының себебі жыл соңына дейін анықталатыны айтылған еді.