«Ақтау теңіз порты» АЭА-ның аумағы қосымша субаймақтарымен кеңейтіледі

АҚТАУ . 23 тамыз. ҚазАқпарат - «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағы қосымша субаймақтармен кеңейтіледі, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

2011 жылы 3 млрд. теңгеге № 3 субаймақты жайластыру бойынша жұмыстар өткізіліп, №1 субаймағындағы жұмыстар басталып кетті. 2012 жылға бұл мақсаттарға, №1 субаймағы бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді.

Бұдан басқа, «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жалғастырылуда. Бүгінде 5 жоба іске асырылды, 46 жоба іске асырылу мәлімделді. Оларды жандандыру үшін АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет, делінген таратылған хабарламада.