Ақтауда 12.12.12-де 41 жұп некелерін қиды

АҚТАУ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтауда 12.12.12-де 41 жұп некелерін қиды, бұл «жай» күндері жұптарын заңдастырған оқиғалармен салыстырғанда анағұрлым көп.

«2012 жылдың 12 желтоқсанында жұптарын заңдастыруға өтініштерді қабылдау Ақтауда жаздан  басталды. Ал өткен  11.11.2011 жылы некелерін қидыруға 30 жұп өтініш берді. Өтініштер таңғы сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін қабылданды. Кеше жұмыс уақытымызды ұзартуға тура келді. Біз жастардың көңілдерін қалдырмай бәрін де тіркедік», - деді Ақтау қаласы әділет басқармасының инспекторы Кәмила Құдайбергенова.

Айта кетейік, некесін қидырғандардың ішінде ең жасы - 19-дағы Толыбай мен 18 жасар Несібелі.