Мекемені қайта жаңғыртуға, жиһаздарды сатып алу мен орталықтың материалдық базасын нығайтуға қалалық бюджеттен 5 млн. теңге бөлінді. Айта кетейік, бұл осы жылы орта білім беретін мектептің жанында ашылып отырған 4-ші орталық. Әр орталықтың ашылуына осыншама қаражат бөлініп отырды.
«Жылдың соңына дейін кем дегенде тағы екі шағын орталық ашылуы тиіс», - деді Ақтау қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ырыскүл Иманбаева.