Ақтауда 47 жастағы ер адам Каспиге батып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтаудағы «Алау» балалар лагерінің маңындағы жағалауда қайғылы оқиға болды. 30 тамыз күні куәгерлер ер адамның денесін тауып алып, судан шығарды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Lada .

Фото: freepik.com

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 30 тамыз күні таңғы сағат 9:54-те «Алау» балалар лагері аймағындағы жағалауда болған.

Оқиға куәгерлері 1977 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған.

"Ол суға түсуге тыйым салынған аймақта суға түскен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады аймақтық құтқарушылар.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда үйінің кіреберісін ұлттық нақышта безендірген тұрғын туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Ақтау әуежайында «Best Airport Service» пилоттық жобасы іске асырылып жатыр.