Ақтауда аудан тұрғындары үшін «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша екіапталық курстар басталды

АҚТАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында аудандағы кәсіпкерлік өкілдері мен жұмыссыз тұрғындары үшін «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша екіапталық курстар басталды.

Оған тапсырыс беруші - облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, орындаушысы - «Тұран-профи» халықаралық академиясы болды.

Бұл мақсаттарға 2012 жылы 10,5 млн. теңге бөлінген еді. 17-28 қырүкйек аралығында Ақтауда 100 адам оқытылады. 1-13 қазан аралығында Маңғыстау облысының барлық аудандары мен қалаларынан тағы 115 адамды оқыту қажет болады.

«Мұнда көп нәрсеге үйретеді, бірақ ең бастысы - бизнес-жоспарды сауатты құрастыру. «Каспий» ӘКҚ» ҰК» АҚ-дан шағын несие алу мүмкіндігі көбіне бизнес-жоспардың жасалуына байланысты, оның көлемі - 300 мың теңгеден 3 млн. теңгеге дейін.  Өткен жылы шамамен 800 адам оқытылды», - деді Маңғыстау облыстық «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ бастығының орынбасары Венера Мұстапаева.

«Аталған курстардан өту ниетін білдіргендер үшін жатақхана ұсынылып, көліктік шығындары төленеді. Бұдан басқа, біз бағдарламадан кейінгі жұмысты жүргізудеміз. Өткен жылы курстардың барлық тыңдаушыларымен оларға үш жыл бойы кеңестік көмек көрсету үшін келісім-шарттар жасалды. Олардың 60 пайызға жуығы жеке істерін ашты», - деді «Тұран-профи» халықаралық кәсіби академиясы» «Біліктілікті арттыру институтының» бірінші проректоры Зәмзәгүл Қаппасова.