Ақтауда донор қанын тапсыру акциясы өтті

АҚТАУ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік донор күніне орай облыс прокуроры Сабыржан Бекбосыновтың бастамасымен бүгін Маңғыстау облысы прокуратура органдары қызметкерлері медициналық тексерулерден өтіп, қан тапсыру акциясын өткізді.

Аталған акцияға 37 қызметкер ерікті түрде қатысты.

 «Мұндай акцияларды прокуратура органдарының қызметкерлері азаматтық борыштары ретінде санайды және болашақта жалғасын табады»,- дейді МО прокуратурасының баспасөз қызметі.