деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы бүгін Ақтауда өткен ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тұрғын үй-коммуналдық саласының тарифтерді құру және энергияны үнемдеу мәселелері жайында өткен алқа мәжілісінде айтылды.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәлімдеуінше, энергия үнемдеу үшін республиканың барлық өңірлерінде электр энергиясына тәулік зоналары бойынша сараланған (тұтынушыларға және заңды тұлғаларға - үш зоналық) тарифтер енгізілген.
Ақтау қаласында түнгі зонадағы тариф орташа босату тарифімен салыстырғанда 3,5 есеге дейін төмендетілген.
Энергияны үнемдеуді ынталандыру мақсатында табиғи монополия субъектілері жылу және суды есептейтін үйге ортақ және жеке аспаптарын орнату жұмыстарына бақылау жалғастырылады.
2009 жылдың 1 қыркүйегінде Маңғыстау облысы бойынша су есептеу аспаптарының орнатылу деңгейі 99,9 пайызды құрады.
Есептеу аспаптарын орнату тұтынушылардың 20-40 пайызға дейін ақша қаражатын үнемдейді.