Ақтауда қалалық сот пара алған шенеунікті 2 ай күзетпен ұстауға санкция берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда қалалық соттың қаулысымен пара алған Маңғыстау облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысын «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі айға санкция берілді, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен.

«Ақтау қалалық сотының қаулысымен жеке тұлғалардан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара алған «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-нің басшысы С.-ке қатысты қолданылған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі айға санкция берілді», делінген хабарламада. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.