«Маңғыстау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Бешпаевтың 5 қарашадағы бұйрығымен аталмыш кәсіпорынға жаңа басшы - Ықылас Көшербаев тағайындалды. Бұған дейін ол «Қала жолдары» мемлекеттік кәсіпорнын басқарған. Сондай-ақ, Ықылас Көшербаев Ақтау қаласы мәслихатының депутаты», - деп хабарлады Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінен.