«Барлықтарыңызды Мемлекет басшысының қайта сайлануымен құттықтаймын. Болып өткен сайлау қазақстандықтардың болашағын тек Нұрсұлтан Назарбаевпен ғана байланыстыратын біріккен халық екенін дәлелдейді. Ұлықтау рәсімі жоғары деңгейде өтті. Біз, жастар, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасын және бес конституционалдық реформаны іске асыруға дайынбыз. Оларды іске асыру мемлекеттілікті нығайтуға жағдайлар жасап, Қазақстан әлемнің дамыған 30 мемлекетінің ішіне кіретініне сенімдімін. Президентпен біз одан да көп биіктерден көрінеміз», - деп атап өтті өз сөзінде Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенті Айтжан Шоқанов.
Сөз сөйлеген басқа азаматтар сияқты Айтжан да аталған сайлау әлемдік тарихқа кіретінін атап өтті. Біріншіден, Президент жинаған дауыс 97,75 пайызды құрады. Тағы бір рекорд - сайлауға келген азаматтар үлесі жалпы сайлаушылардың 95,22 пайызын құраған.