Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат - өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастардың отаншылдық сезімін нығайту және тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу. «Аталған шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылып отырғандықтан, ақындар өлеңдеріне Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жеке тұлғасы, еңбек жолы мен ел басқарудағы жетістіктерін арқау етуі тиіс. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады»,- дейді Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжазира Алдашева. Байқауға білікті мамандар мен өңірімізге танымал ақындардан құралған қазылар алқасы төрелік етеді. Мүшәйраға қатысуға ұсыныс 20 қарашаға дейін қабылданады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
07:19, 10 Қараша 2014
Ақтауда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай жыр бәйгесі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл алғаш рет Ақтауда Тұңғыш Президент күніне орай жазба ақындар байқауы өтеді. Шараны ұйымдастырушы Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, оған қаланың ақындық өнері бар кез келген азаматы қатыса алады. Мүшәйрада жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтарға ие болмақ.