бойынша бүгінгі сот отырысы ашық тәртіпте БАҚ өкілдері мен бақылаушылардың қатысуымен өтті, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот талқылауы сотталушылардан жауап алумен жалғасты. Бүгін сот отырысында 2 сотталушыдан жауап алынды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес процеске қатысушылар сотталушыларға өз сұрақтарын қойды.
Сот залында 2011 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзенде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында түсірілген бейнежазбалар көрсетілді.
Келесі сот отырысы ертең сағат 10.30-ға тағайындалды.