Ақтауда Lada Priora көлігі бағанға соғылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық әскери комиссариаты ғимараты мен «Асар-С» көтерме сауда базары арасында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Бүгін, 9 желтоқсанда сағат 03:00-де Lada Priora 2170 көлігі бағанға соғылды.

ЖПҚ қызметкерлерінің айтуынша, Lada Priora жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Көлік салонында алты адам (оның ішінде бала бар) болған.

Маңғыстау облыстық ауруханасына сағат 05:00-де нейрохирургия бөліміне апат орнынан ауыр жарақаттармен ер адам жеткізілген.

"Іске қосылған қауіпсіздік жастығы ауыр салдардың алдын алған", - деп мәлімдеді ЖПҚ қызметкері.

10:30-да көлік эвакуацияланды, деп хабарлайды lada.kz.