Оқиға 16 қаңтарда болған.
«Белгісіз біреу мас күйінде 31 «А» шағынауданында орналасқан Halyk Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасап, банкке келушілерге пышақ көрсеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы күдіктіні ұстады» делінген баспасөз мәліметінде.
Аталған дерек Ақтау қаласы полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша тіркелді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.