«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары М.Жүнбасов жас ұрпаққа үлкен міндет жүктеп, олардың әр салада нағыз маман, ең бастысы адал адам болатынына сенім білдірді.
Жиында «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының әр аудандағы филиалдары мен «Жас Отан» ЖҚ мүшелері жастар белсене араласуды күтіп тұрған міндеттерді талқылады.
Шығыс жекпе-жегінің спорт шебері, Мұнайлы аудандық Атамекен селолық №7 мектебінің ұстазы Р.Нұрғазиева «Дипломмен ауылға» бағдарламасының артықшылығына тоқталды.
Форумға қатысушылар қоғамдық ұйымдардың рөлі, жұмыспен қамту, ауылға жастардың көптеп баруы, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриотизм мен азаматтық позицияның беріктігі туралы ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ белсенді жастар марапатталып, форум жастардың өзі ұйымдастырған концертпен аяқталды.