құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ашық түрде өтті.
Оған БАҚ өкілдері, республикалық және халықаралық бақылаушылар қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотынан хабарлады.
Сот талқылауы куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алумен одан әрі жалғасты. Бүгін сот отырысында 29 куәгер, 1 жәбірленуші сұралды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес процеске қатысушылар куәгерлер мен жәбірленушілерге өз сұрақтарын қойды.
Келесі сот отырысы 10 мамырға сағат 14.00-ге тағайындалды.