Ақтауда өртке қарсы қауіпсіздік шараларына машықтануды балалар бақшасында үйрете бастады

АҚТАУ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ақтауда өртке қарсы қауіпсіздік шараларына машықтануды балалар бақшасында оқыта бастады. Бірінші сабақ №8 мектепке дейінгі «Ақ Желкен» балалар мекемесінде өтті. «Өрт сөндіруші» АҚ Маңғыстау филиалының құтқарушылары балалар бақшасының әкімшілігімен бірлесіп, «Анам, әкем, мен - бәріміз құтқарушылар отбасымыз» атты шараны ұйымдастырды.

«Отбасылар спорттық машықтан бөлек, өртке қарсы қауіпсіздікті сақтауда өздерінің білімдерін көрсетулері керек. Осы саладағы алғашқы білім жанұяда қалыптасады. Сол себепті біз мектепке дейінгі және төмен жастағы мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын тарта отырып, осындай жұмыстар өткізуді шештік. Бала ата-анасының қасында өзін жақсы сезініп, ақпаратты тез қабылдайды. Егер оны үйде қайталаса, оқығанын көңілге тоқып, одан жақсы нәтиже шығады», - деді жарыстардың басты төрешісі, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Рузгар Гасанов.

Жеңімпаздарды дипломдар және медальдармен марапаттады, ешбір қатысушы сыйлықсыз қалмады.

«Осындай шараларды балалар мереке, ойын ретінде қабылдап, естерінде жақсы сақталып қалады. Олай болса, біз мақсатымызға жеттік деген сөз. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін балалар өте жақсы меңгерді», - деп атап өтті №8 балалар бақшасының директоры Ақбөбек Сүлейменова.