2010 жылға дейін осындай жөндеу жұмыстары мүлдем өткізілмеген, одан кейін жерді пайдаланушы компаниялардың қаражатына жөнделген.
«Маусым айында екі лот бойынша жұмыстарды жүргізу байқауы өтті, олардың жеңімпаздарымен 2012 жылдың 20 маусымында келісім-шарттар жасалды. Жұмыстар екі учаскеге бөлінді», - деп түсіндіріп өтті жағдайды «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-нің бастығы Болат Қасымов.
Нысандарда атқарылып отырған жұмыстардың сапасын қарайтын техникалық қадағалау комиссиясы жұмыс істеуде. Мердігерлер жұмыстардың сапасына екі жылдық кепілдікті мойнына алып отыр.