Ақтаудағы сот үдерісі халықаралық стандарттарға сәйкес өтті - М. Башимов

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты Ақтаудағы сот үдерісі халықаралық стандарттарға сәйкес өтті.

Бүгін Ақтаудағы сот шешіміне байланысты ҚазАқпарат тілшісіне өз пікірін білдірген заңгер-құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов осылай мәлім етті.

 «Бүгін Жаңаөзен оқиғасына орай ұзаққа созылған сот отырысы аяқталып, сот өзінің үкімін шығарды. Бұл үдерістің ашық түрде өткеніне бәрі де келіседі деп ойлаймын. Отырыс Жоғарғы Соттың сот процестерінің жариялығы мен ашықтығына, халықаралық стандарттарға толық сәйкес өтті.  Іс бойынша заңды өкілдер, құқық қорғаушылар, шетелдік бақылаушылар, БАҚ өкілдері оның барысын бақылауға мүмкндік алды. Сот отырыстары барысында барлық өтініштер қаралды, - деді Марат Башимов.

Ол сондай-ақ сот салмақты сарабдал шығарды және көптеген сотталушылар прокурор сұрағаннан гөрі жеңілдеу жаза алды, деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Ақтау қалалық сотында Жаңаөзен оқиғасына байланысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.