Фестивальге еліміздің өнерлі жастарымен қатар, Франция, Корея, Тәжікстан, Ресей мен Түрікменстаннан қонақтар келіп, керемет шоу көрсетті. Олар брейк-данс, паркур, стритбол және баскетбол сияқты көше билері мен спорттың 7 түрі бойынша өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ, жағалауда Орталық Азия спортшылары арасында брейк-биінен әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. Жүзден жүйрік шыққандар Оңтүстік Кореяда өтетін әлем біріншілігіне қатыспақ. Фестиваль аясында дүниежүзінің әйгілі көше биінің мықтылары жастарға шеберлік сабақтарын өткізді. Aktau Open Fest мерекесі осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
05:30, 31 Тамыз 2015
Ақтаудағы жастарға арналған үш күндік фестивальді 60 мыңдай адам тамашалады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда жастарға арналған үш күндік «Aktau Open Fest» халықаралық фестивалі аяқталды. Ата Заңымыздың 20 жылдығына арналған шараны үш күнде 60 мыңдай адам тамашалады.