Ведомство басшылығына бұрын қала әкімі аппаратыың ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімін басқарған Салтанат Баекенова тағайындалды. Жаңа қызметтің құрамына 3 адам кіреді.
«Жаңа қызметті құруда қызметкерлердің санын көбейтудің қажеті болған жоқ, ол қазіргі мемлекеттік қызметкерлер штаты ауқымында өтті. Сөйтіп, бұрын қаланың әрбір мемлекеттік органы кадр мәселесімен дербес айналысып, кадрлар қызметі басқа да лауазымдармен қосарлана атқарылатын болса, енді бұл функция толығымен жаңа құрылымның қарауына көшті», - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчук.
Қызметкерлерді басқарудың бірыңғай қызметі қала әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппаратының және мемлекеттік мекемелердің кадр мәселелерімен айналысатын болады. Оның қарауына қала әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет туралы ҚР заңын орындау жөніндегі қызметін және конкурстық аттестаттау және басқа да комиссиялардың қызметін үйлестіру мәселелері көшеді.
Кадрлар қызметі мамандардың кәсіби дамуын, соның ішінде оларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.