Ақтөбе әкімі Ерхан Омаров 2011 жылы 4 млн. теңгеден астам табыс тапты

АҚТӨБЕ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда қоғамда жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және оған деген төзімсіздік атмосферасын қалыптастыруға септігін тигізетін «Өзіңнен баста!» атты жемқорлыққа қарсы жыл сайынғы акция жалғасуда.

Өткізіліп жатқан акция аясында қала әкімі Ерхан Омаров өзінің 2011 жылғы табысы және жеке иелігіндегі мүлкі туралы ақпаратты жария етті.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 2011 жылы Ақтөбе қаласы әкімінің табысы 4,3 млн. теңгені құрады. Ақтөбеде 4 бөлмелі пәтері бар. Жұбайының табысы өткен жылы 640 мың теңгені құрады. 2008 жылы шығарылған «Лексус» көлігі бар.