Қайрат Әскербекұлы Бекенов 1978 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Құқық және нарық академиясын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің редакция-баспа бөлімінде корректор болудан бастады.
Әр жылдары Алматы қалалық салық комитетінің салық инспекторы, жетекші, кейін бас маманы, ҚР Қаржы министрлігінің үкіметтік займдарды тарту басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкішілігінің мемлекеттік ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.
2010-2014 жж. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, СҚО әкімінің орынбасары болды.
2015 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшілік жұмыстар департаментін басқарды.