ТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Ақтөбе-Астана бағытында қатынайтын № 57 жолаушылар пойызының локомотивінен өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Оқиға кеше кешкі сағат 21:00-де Қостанай облысының Қамысты ауданында орын алған. 2 сағаттың ішінде локомотиві ауыстырылған жолаушылар пойызы бағдары бойынша жөнелтілген. Тілсіз жау шарпыған аумақ 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өртті сөндіруге «Алтынсары» ЖШС-нің 3 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.