АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат –Қоғамдық көлікте электронды жүйені кезең-кезеңімен енгізу жұмысы 7-сәуірде жұмыс басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласында тасымалдау жұмысымен екі компания айналысады. Олар - «Автопарк» және «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС.
«Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС-не тиелісі автобустарда арнайы құрылғы бар. Екінші тасымалдаушы да жұмысты бастады. Қаланың 250 автобусында стационарлық және мобильді құрылғы орнатылған. Қазір мобильді қосымша және екінші деңгейлі банк картасымен төлем жасауға рұқсат. Ал дифференциаланған тариф енгізілген кезде тек арнайы картамен төлем жасауға болады. Бұл талап 15-і мамырдан бастан күшіне енеді. Қолма-қол төлесе, 150 теңге болады»,- деді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.
Айта кетейік, қоғамдық көлік үшін арнайы төрт карта шығырылады. 7-15 жас аралығындағы балалар 40 теңге, қарапайым тұрғын 80 теңге төлейді.
Әлеуметтік және жеңілдік санаты бойынша картаның кімге тиесілі болатыны әзірге белгісіз.
«Карта жеткілікті данада шығарылды. Адамдар «жетпей қалады» деп кезекке тұрмаса болады. Бұл - жолаушы тасымалындағы ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жоба. Сапасын жақсартуға септігін тигізеді», - деді Асхат Шахаров.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.