Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол пайдакүнемдік мақсатпен басқа тұлғаны қылмыстық істің жақсы аяқталуы үшін мемлекеттік қызметтегі жауапты тұлғаға пара беруге әдейі көндірді. Пара сомасы 12 мың АҚШ долларын құрады.
Ақтөбенің № 2 қалалық сотының кесімі бойынша ол ҚР ҚК-нің 28 бабындағы 4 бөлімі, 312 бабындағы 4 бөлімі, «б» тармақшасымен (ірі көлемдегі параны беруге арандатушылық) қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.