«Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева шағын және орта бизнестің 11 басшысымен жұмыс кездесуін өткізіп, бас бостандығынан айыру орындарына өндіріс ашу мәселесін талқылаған болатын», - деді ҚАЖ Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Жұмағұлова.
«Кездесу барысында жұмыс істеп тұрған темір бетон материалдары, металл бұйымдары (шарбақ, қақпа, қоқыс контейнері және т.б.), тігін бұйымдары (арнайы киім, төсек-орын және т.б.), сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерін шығаратын өндірістік цехта жазасын өтеушілер шығарған өнімдер таныстырылды», - деді Н.Жұмағұлова.