АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе қаласының бірінші орынбасары қызметіне 34 жастағы Ұшқын Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
34 жастағы маман Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің инженер-техникалық, Қазақ-орыс халықаралық университетінің құқықтану факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «Нефте Строй Сервис ЛТД» ЖШС-да геодезияшы, инженер-геодезияшы болып бастады. Кейін Темір аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, басшысы қызметтерін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін екі жыл қатарынан Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімінде басшы болды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.