Жәрмеңкенің негізгі мақсаты қоғамдағы гендерлік проблематикаға жұртшылық назарын аудару, біртума әйелдерді анықтау және насихаттау, олардың іскерлік қасиеттерін көрсету, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және көшбасшылық мүмкіндіктерін ілгерілету, жаңа тауарлар мен идеялардың тұсаукесерін өткізу, сол сияқты желілік ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.
20:04, 04 Қазан 2011
Ақтөбе қаласында «Қанатты әйел - 4» атты Идеялар мен тауарлар жәрмеңкесі өткізіледі
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және Ақтобе облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп үстіміздегі жылғы 13-14 қазанда Ақтөбе қаласында «Қанатты әйел - 4» атты Идеялар мен тауарлар жәрмеңкесі өткізіледі.