Мәлім болғандай, өрт сейсенбі, 11 қаңтар күні сағат 17.00-де тұрғын үйдің электр торабынан шыққан. Кейін жалын №1-ші пәтерге тараған.
Тілсіз жау ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 16 адамы мен 4 техникасының күшімен 55 минутта ауыздықталды. Оттың шарпыған жалпы аумағы 18 шаршы метрді құрады.
Министрліктен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.