Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні, мамырдың 30-ында сағат-16.00 шамасында КА-168/1 мекемесінен (Ақтөбе қаласындағы тергеу абақтысы) шаруашылық ауласын абаттандыру жұмысы барысында 23 жастағы тергеуде жатқан, бұрын ұрлық жасағаны және алаяқтығы үшін үш рет сотталған тұтқын қашып кеткені белгілі болды.
ҚАЖ Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы Жағыпар Мұсағұловтың айтуынша, оны ұстау жөніндегі шұғыл шаралар ішкі істер органдарымен бірлесе жүргізілген. Бір тәуліктен кейін ол Ақтөбе қаласының шетінде орналасқан Құрмыш ауданындағы макарон зауытының аймағында қолға түскен.