Бұған дейін бұл қызметте істеген Қанымқұл Рысмағамбетов басқа жұмысқа ауысты.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Бақыткелді Мыңжасар 1961 жылы дүниеге келді. Жоғары білімі бар, Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығымен тәмамдады.
Агроном, экономист-қаржыгер, есепші, «Ақкөл» совхозындағы комсомол комитетінің хатшысы, Қайрақты ауылдық кеңесінің төрағасы, бас есепшінің орынбасары, Талдық асыл тұқымды жылқы зауыты директорының орынбасары, Қарабұтақ аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас экономисі, тағы басқа көптеген қызметтерде жұмыс істеген.
Аталған қызметке тағайындалуға дейін 2008 жылдың желтоқсанынан бері Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының қала инфрақұрылымы мониторингін дамыту бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген.