«Ақтөбе» клубы футболдан Қазақстан Супер кубогының иегері атанды

АЛМАТЫ. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Астанада футболдан Супер кубок жолындағы ойында Владимир Мұхановтың шәкірттері - «Ақтөбе» клубы атыраулық футболшылардан 2:0 есебімен басым түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Андрей Шабанов қорғаған қақпаға ойынның бірінші жартысында Сергей Струков (42-ші минут) алғашқы допты енгізген болатын. Екінші таймның 80-ші минтутында Евгений Аварченко есепті 2:0-ге жеткізді. Соның нәтижесінде биыл үшінші рет өткен бұл дүбірлі додада Владимир Мұхановтың командасы екінші рет Супер кубок иегері атанды. Олар бұған дейін 2008 жылы наурыздың 2-сінде «Тобыл» футбол клубын Алматыдағы Орталық стадионда 2:0 есебімен ұтқан болатын.